Қазақстандық паралимпиадашылар биатлоннан жарысады
Бейжіңде 2022 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындарының төртінші күні басталды.
Бүгін қазақстандық парабиатлоншылар орта қашықтыққа отырып және тұрып финалдық жеке жарыста сынға түседі. Қазақстан атынан Сергей Усольцев пен Александр Герлиц қатысады.
Паралимпиада ойындарының төртінші күнінде әйелдер мен ерлер арасындағы орташа 10 шақырымдық қашықтықтағы жарыста медальдар сарапқа салынады. Бұған дейін 5 наурызда биатлоннан спринт жарысында біздің спортшылар қорытынды хаттамада 8 және 15-орындарға ие болған еді.
6 наурызда 18 шақырымдық қашықтыққа парашаңғымен сырғанау (отыру) жарысында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов мәреге жетінші болып келді. Тағы екі спортшымыз Юрий Березин мен Денис Петренко мәреге 24 және 25-ші нөмірлермен келді.
Биылғы ойындардың басты фавориттері Қытай, АҚШ, Германия және Украина спортшылары. Үш жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қытай құрамасы 25 жүлдемен медальдар тізімінде көш бастады: жеті алтын, сегіз күміс және он қола медаль; екінші орынды Украина құрамасы (4-3-1), үшінші орынды Канада (4-2-6) иеленді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық