Қазақстандық мұғалімдердің 40%-нан астамы сабаққа нашар дайындалады
Қазақстандағы педагогикалық тәжірибе халықаралық стандарттардан ерекшеленетіні белгілі болды.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен жылы жарияланған Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы білім сапасы туралы ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) мен ЮНИСЕФ баяндамасына назар аударды.
Зерттеуге 10 мемлекет, соның ішінде Қазақстан да қатысты.
Асхат Аймағамбетов Telegram желісіндегі жазбасында қазақстандық мектептердегі мұғалімдердің сабаққа тым нашар дайындығын көрсететін зерттеуді атап өтті. Мұғалімдердің 40%-дан астамы сабаққа жеткілікті түрде дайындалмайды – бұл 10 елдің арасындағы ең нашар көрсеткіш. Бұл ретте ЭЫДҰ-ның 38 елінде 3% деңгейінде.
Мектеп директорларының сауалнамасына негізделген зерттеуге сәйкес, Қазақстандағы барлық мектеп қызметкерлерінің төрттен бірі білім беру ұйымындағы өзгерістерге қарсылық танытады. Мұғалімдердің 20%-дан сәл астамы оқушылардың сұранысын қанағаттандырмайды. Бұл да зерттеудегі 10 елдің ішіндегі ең нашар көрсеткіш.
«Педагог мәртебесі туралы заң не үшін қажет болды, педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті баллды күрт көтеру не үшін қажет болды, біз аттестация мен тестілеудің жаңа жүйесін енгізіп, жетілдіріп жатырмыз, мұғалімдердің санын өсірдік, неге біз мамандыққа түсу үшін дипломы бар ЖОО түлектеріне емтихан тапсыруда ұнамсыз шаралар қолдандық, неліктен біз конкурстық жұмысқа орналастыру жүйесін енгізіп жатырмыз?» деген сұрақтарға аталған көрсеткіш графигі жауап береді. Бұл ыңғайсыз болса да, кейде ұнамсыз шаралардың қажеттілігін деректер растайды» деп түйіндеді Асхат Аймағамбетов өз жазбасында.
Аталған зерттеуге сәйкес, Қазақстандағы оқыту тәжірибесі халықаралық стандарттардан ерекшеленеді.
Қазақстанда ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткіштерімен салыстырғанда балалар негізінен мұғалімнің нұсқауларын орындайтын, оның дәрістерін тыңдайтын оқыту әдістері әлдеқайда жиі қолданылады. Оқушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған бейімделу әдістері кеңінен таралмаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық