Қазақстандық композитор мен актер Түркияда «Тұран» деп аталатын клип түсірді
Түркияда Фатих Осман деген лақап атпен жұмыс істейтін қазақстандық композитор Ғаламат Бейсеқожа мен актер Ләдібек Тутадзе «Тұран» деп аталатын бірлескен клип түсірді. Жобаның музыкасын Ғаламат жазған болса, продюсері Ләдібек болды.
– Бұл жоба арқылы біз бүкіл түркі халықтарына өзіміздің тамаша тарихы бар біртұтас халық екенімізді, Ұлы Тұран ата-бабаларымыздың мұраты болғанын жеткізгіміз келді, - дейді Ләдібек пен Ғаламат.
Сондай-ақ, бұл өздерінің бірлескен бірінші жобасы екенін және болашақта тамаша жобалармен қуантатындарын да жеткізді.
Ғаламат Бейсеқожа – республикалық Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 10-сынып оқушысы. Республикалық «Жас Дарын» байқауының «Дәстүрлі өнер» номинациясы жүлдегері, жыл сайын өтетін «Махамбет оқуларының» бас жүлдегері. Сонымен қатар, Семей қаласында өткен республикалық «Абай оқулары» байқауының бас жүлдесі, Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауының «ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Қаршыға Ахмедияров атындағы сыйлықтың» иегері.
Ләдібек Тутадзе танымал актер. Ол түріктің «Ертұғырыл» телехикаясында басты рөлді сомдады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық