Қазақстандық хоккейші қытайлықты ренжіткені үшін ойыннан шеттетілді
Скриншот
«Торпедо» (Өскемен) клубының хоккейшісі Стас Петросян қытайлық ойыншыға қатысты нәсілшіл қимыл көрсеткені үшін бір ойыннан шеттетілді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
«Торпедо» мен «Кунлун Ред Стар» командалары арасындағы президент кубогы матчында екі хоккейші - Стас Петросян мен Ян Ху арасында төбелес орын алды. Команданың Өскемендік өкілі қытайлық ойыншыға қатысты нәсілшіл қимыл көрсетті.
Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы болған жағдайды қарастырып, Стас Петросянды бір ойынға қатысудан шеттету, сондай-ақ оған айыппұл салу туралы шешім қабылдады. Осылайша, хоккейші Қазақстан кубогының кезекті ойынына қатыса алмайды.
Петросянның өзі осы оқиға үшін кешірім сұрап, болған жағдай туралы өз нұсқасын айтып берді. Оның айтуынша, Ян Ху бірінші болып, оның ұлтын қорлаған. Ойыннан кейін хоккейшілер ымыраға келіп, қол алысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық