Қазақстан елшісі Әлібек Бақаев Рим Папасына сенім грамотасын тапсырды
Қазақстанның Ватикандағы елшісі (қызметін қоса атқарушы) Әлібек Бақаев Рим Папасы Францискке сенім грамотасын тапсырды, - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстандық елші Әлібек Бақаев Рим Папасының Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізімен қатар сенім грамотасын табыстап қайтты.
Рим Папасы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасындағы сенім мен өзара түсіністікке негізделген диалог құру туралы бастамасының іске асырылуын жоғары бағалады.
«Бүгінде мүмкін бұрынғыдан да көп, жаһандану әлемі біздің планетамыздың алдында тұрған елеулі қатерлерге қарсы тұру үшін адамзатты біріктіретін және жас ұрпаққа арналған жарқын болашақты құра алатын шынайы және құрметті диалог пен ынтымақтастықта дамуы қажет», - деді Рим Папасы.
Сонымен қатар, келіссөзде Ватиканның Қазақстан елордасында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуы, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелері қаралып өтті. Еліміздің Ватиканмен өзара қатынасы 1992 жылы 17 қазанда орнатылған. 1998 - 2009 жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың Ватиканға ресми сапарлары өтті, ал 2001 жылы елбасының шақыруымен Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік пасторлық сапармен келген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық