Депутат бағаның өсуіне байланысты халыққа 100 млрд теңге беруді ұсынды
Фото: 365info.kz / Ж. Куспанов
Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов 20 маусым күні парламент палаталарының бірлескен отырысында халықтың аз қамтылған тобына 100 млрд теңге бөлуді ұсынды.
Үкімет бағаның өсуін тежеу үшін 100 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді. Оның 81 млрд-ы сауда желілерін жеңілдетілген несиелеуге, 16,8 млрд – тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген.
«Ешқандай әсер жоқ – баға көтерілді. Бұл ақшаны сауда желілеріне емес, тікелей халыққа таратқан дұрыс. Бізде бір миллионға жуық кедей бар. Бағаның өсуінен солар ең көп зардап шекті. Бағаның өсуін тоқтата алмасаңыз, халықты тікелей қолдаңыз, халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы субсидия беріңіз. Бұл ақшаны сауда желілеріне таратқаннан гөрі пайдалырақ болатынына сенімдімін» деді Жамалов.
Қазақстан билігінің соңғы жылдары инфляцияның өсуін тоқтатуға бағытталған іс-әрекетінің бәрі бекер. 2022 жылдың сәуір айында Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың наурыз айынан бері азық-түлік бағасы 15 пайыздан аса қымбаттағанын хабарлады.
Өткен аптада ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов мамыр айында елімізде жылдық инфляция 14 пайызды құраса, азық-түлік инфляциясы 19 пайызға жеткенін айтты. Ұлттық банктің болжамына сәйкес, 2022 жылдың соңына қарай Қазақстанда инфляция 13-15 пайыздық деңгейде өседі деп күтілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық