Қазақстанды цифрландыруға Ресейден басқа Қытай да қызығушылық танытты
Фото: inbusiness.kz
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ресейлік Сбербанктен басқа, қытайлық серіктестер мемлекеттік цифрландыру платформасын жасауға өз технологияларын ұсынғанын айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Министр Сбербанкпен жасалған меморандум Қазақстанды ештеңеге міндеттемейтінін баса айтты. Мусин ынтымақтастық мәселесі саяси емес, технологиялық екенін, егер келісім жасалса, бөлек компаниямен жұмыс жүргізілетінін атап өтті. Қазақстанның басты шарты - отандық платформаның ақпараттық қауіпсіздігін толық қамтамасыз ететін ашық кодтарды беру.
– 30 жыл бойы ешкім технологияны кімнен аламыз деген сұрақ қойған жоқ. Заң бойынша біз платформаға толық талдау, техникалық талдау жүргізуіміз керек. Түрлі компаниялармен келіссөздер жүргіздік, біздің басты шартымыз – ашық кодтар. Бұл шарттар бойынша бізге Қытай да өз қызметін ұсынды. Олардың бізге шарттары бар, әзірге келіссөздер жүргізілмеді, - деді Мусин.
Бағдат Мусин әу дегенде ашық кодтар болмаса, онда Сбербанкпен де келісім болмайтынын баса айтты.
Қазір жаңа платформаның әзірлеушілері қажетті технологиялар мен міндеттер зерттеліп жатқанын айтты.
Бұған дейін Бағдат Мусин жаңа платформаны әзірлеумен тек Қазақстан азаматтары айналысатынын хабарлаған. Бұл норма барлық құжаттарда бекітілетін болады.
Еске салсақ, 2021 жылдың қыркүйегінде премьер-министр Асқар Мамин мен Сбербанк басшысы Герман Греф меморандумға қол қойды. Цифрлық архитектуралық платформа моделі халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жылдамдығы мен тиімділігін арттырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық