Қазақстандық балаларға Pfizer екпесі салынады
Қазақстанға Pfizer екпесі жеткізілгеннен кейін жасөспірімдерге салу мүмкін болады.
Балаларды вакциналау олардың ата-аналарының немесе ресми қамқоршыларының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
Бұл туралы Orda.kz.хабарлайды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова Pfizer вакцинасы осы жылдың төртінші тоқсанында елге жеткізілуі мүмкін екенін айтты. Препарат 12 жастан асқан балаларға екпе салу үшін қолданылады.
— Сондықтан, біз бүгін балаларды вакциналау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Қазақстанда бұл 12-18 жастағы екі миллионға жуық баланы қамтиды. Бұл ауқымды көрсеткіш. Өкінішке қарай, бүгінде балалардың жиі ауыратындығы белгілі. Енді біздің алдымызда ересектерді ғана емес, балаларды да қорғау міндеті тұр. Балаларға вакцина тек ата-аналарының немесе ресми қамқоршыларының рұқсатымен жасалады, - деді Есмағамбетова.
Ол сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны Қазақстанға жеткізуге дайын барлық компаниялармен, соның ішінде Sinopharm және Moderna-мен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.
— Біз келіссөздер жүргіземіз, олардың талаптарын, бізге қаншалықты сәйкес келетінін анықтаймыз. Сондай-ақ, біз белгілеген топты вакциналау үшін біздің елге жеткізу қажеттілігі арта түсті. Вакцина жеткізуге дайын барлық өндірушілермен келіссөздер жүргізілуде, - деді эпидемиолог.
Қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19-қа қарсы вакцинаның үш түрі қолданылады, олар — Sputnik-V, QazVac және CoronaVac. Алайда бұл дәрі-дәрмектер Еуропалық Одақ пен АҚШ-та мақұлданбаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық