Қазақстандыққа оқ жаудырған поляк өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
16 жастағы қазақстандықты өлтірді деген күдікпен ұсталған бұрынғы полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Сот ұсталған адамды үш ай мерзіміне қамауға алды. Бұл әрекеті үшін ол 25 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады», - деді Люблин аудандық сотының өкілі Барбара Марковска.
Польшаның аңшылық агенттігі бұл оқиға кездейсоқтық емес, әдейі жасалған қасақана әрекет деп болжады.
«Бұл аңшылық апат емес. Бұл кәдімгі жауыздық іс. Біздің білуімізше, танылмаған нысанаға ату шындыққа сәйкес келмейді. Ол атпас бұрын, өзінің неге дәлдеп тұрғанын тексеруі керек еді. Бұл ойын емес, адам болған», - деді аңшылық жөніндегі жоғары кеңестің президенті Рафал Малец.
Белгілі болғандай, жасөспірімді атып тастаған 51 жастағы экс-полицейдің мылтық ұстауға рұқсат лицензиясы болған.
Тексеріс барысында оның төрт аңшы мылтығы табылған. Бірақ ешқашан психологиялық сынақтан өтпеген. Оған полиция қызметкері ретінде аң аулауға рұқсат берілген. Алкоголді асыра пайдаланғаны және өзін агрессивті ұстағанына қарамастан, ол мылтық лицензиясынан айырылған жоқ.
Еске салайық, өткен айдың басында қазақстандық 16 жастағы жасөмпірім оқ жарақатынан қайтыс болған. Құрдастарымен алма теруге баққа барған жасөспірім қайғылы оқиғаға тап болған.
Оқ баланың ішкі ағзаларын жарақаттаған. Жаралы бала интернатқа жеткізіліп, дәрігер шақырылды. Бірақ дәрігерлер жасөмпірімді құтқара алмады.
Көп ұзамай екі күдікті қамауға алынды. 51 жастағы полицейге кісі өлтіру бабы бойынша, ал оның 41 жастағы серіктесіне жаралыларға көмек көрсетуден бас тартқаны үшін айып тағылды.
Оқ жаудырушы жасөспірімді емес, қабанды көздегеніне сенімді болған. Сақшылар ер адам оқиғаның барлығын өте дәл суреттеді деп сендірді.
Бастапқыда ер адамның кінәсі дәлелденсе, ол сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екендігі хабарланған. Прокуратураның хабарлауынша оның серіктесі, бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сондай-ақ, Польша тұрғындары атылған жігітті еске алып, гүл шоқтарын қойып, шырақтар жаққаны туралы хабарланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық