Қазақстанда жыл басынан бері 34 мың бала коронавирус жұқтырған
Қазақстанда жыл басынан бері 34 мың балаға коронавирус жұққан. Екі бала Covid-тен қайтыс болған. 23 шілде күнгі брифинг кезінде денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят осылай деп мәлімдеді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Оның айтынша, биыл коронавирус жұқтырған балалар көбейген.
– Қазіргі кезде стационарда 558 бала коронавирустан емделіп жатыр. 13 жаңа туған нәрестеге коронавирус жұққаны анықталды. Жыл басынан бері коронавирус жұққан балалардың көбейгені байқалады, соңғы айларда 4-5 есе артқан. Төрт пациенттің жағдайы ауыр. Әрбір баланың жағдайын бақылап отырмыз. Олар – Ақмола облысы, Нұр-Сұлтан және Қызылорда, Жамбыл облыстарында жатыр. Жыл басынан бері екі бала өлімі тіркелді. Олар СҚО мен Нұр-Сұлтанда тұрған, - деді Ажар Ғинаят.
Бұған дейін Қазақстанда 12 жастан бастап балаларға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы салынуы мүмкін екені хабарланған еді. Брифинг кезінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларға вакцина салу ерікті түрде болатынын айтты.
– Қазір тек ересектер екпе салдыра алады. Балаларға қанша уақытта вакцина сала бастайтынымызды айта алмаймыз. Себебі ол ерікті түрде, тек ата-анасының келісімімен болады. Түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Қазір ата-аналар жиі хабарласып, баласына вакцина салдырғысы келетінін айтады. Өкінішке қарай, Қазақстанда ондай вакцина жоқ. Балаларға салуға болатын вакцина болған кезде онымен қамтамасыз етеміз, - деді Цой.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 12 мен 18 жас аралығында 2 млн бала бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық