Қазақстанда жыл басынан бері 1,45 тонна алтын құйма сатылған
2020 жылдың қарашасында қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерден және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 74,1 келі, 2 327 алтын құйма сатып алған. Бұл жайлы ҚазАқпарат сайты хабарлады.
Сайттың жазуынша, жыл басынан бері жалпы салмағы 1,45 тонна болатын 40 081 алтын құйма сатылған. Алтын құймалардың бес түрі бар: 5, 10, 20, 50 және 100 грам салмақта болады. Ең көп сатылғаны - 10 грамдық құйма.
Сатылған барлық құйманың ішіндегі оның үлесі 25%, яғни, 10 199 дана болып отыр. Одан кейін 20 грамдық – 9 061 дана (23%) және 100 грамдық құйма – 8 863 дана (22%), 5 грамдық – 7 001 дана (18%), 50 грамдық құйма – 4 957 дана (12%) сатылған.
Құймаларды сатып алу жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр (54%). Одан кейін Атырау (13%), Нұр-Сұлтан (11%) және басқа өңірлер (22%) алған.
Кері сатып алуға жалпы салмағы 3,3 кг 129 өлшеуіш құйма ғана қайтарылды. Алтын құймалар – инвестициялаудың сенімді құралы бола алады. Банктердің және банктік емес айырбастау пунктерінің клиентке «күнбе-күн» ақша төлей отырып, құймаларды кері сатып алу мүмкіндігі – алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы.
Қазір алтын құймаларды Halyk Bank-тен, Еуразиялық Банктен, Jýsan Bank-тен, Банк Центр Кредиттен, сондай-ақ банктік емес айырбастау пункттерінен сатып алуға және оларға кері сатуға болады.
Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен жабдықталған (құймалардың бет жағы айнадай, микромәтін және бедерлі гурт), сонымен бірге құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және қаптамасының ашылған-ашылмағанын тез анықтауға мүмкіндік беретін арнайы орамда шығарылады. Қорғаныш қаптамасы да құйма сапасының сертификаты саналады. Сондықтан құйманы ұқыпты сақтап, қаптамасын ашпаған дұрыс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі халық үшін тазартылған алтынның өлшемдік құймаларын сату және кері сатып алу Бағдарламасын 2017 жылы іске қосты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық