Қазақстанда Жетісу, Абай Ұлытау облыстары пайда болды
Бүгінгі жолдауында Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда үш жаңа облыс пайда болатынын айтты.
– Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған.
Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім.
Үшінші мәселе. Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады, – деп түйіндеді президент.
Тоқаев Қазақстанда пайда болған үш жаңа облыс атауларында ерекше мән барын атап өтті.
– Жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар. Біз ұланғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз, – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасында саяси және экономикалық белсенділікті монополиялау ең маңызды рөл атқарғанын айтты.
– Бірақ қайғылы қаңтардың маңызды сабағы – биліктің мемлекеттегі ең жоғары шенеуніктің қолында шоғырлануы оған жақын адамдар мен қаржылық олигархиялық топтардың ықпалын негізсіз күшейтеді. Ал олар мемлекетті жеке басшылық ретінде қабылдайды. Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктердің мызғымас кепілі болуға тиіс, сондықтан президенттің ең жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік сектордағы жетекші лауазымдарды атқаруына заңнамалық тыйым салынады, – деді Тоқаев.
Сонымен қатар, Тоқаев облыс және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындау туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынды.
– Президенттің облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері қызметіне кемінде екі кандидат енгізу құқығын регламенттейтін заңнамаға тиісті түзетулер енгізу қажет. Осылайша, президент мәслихаттардағы қарау нәтижелерін ескере отырып, облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындайтын болады, – деді президент.
Бұған дейін әкімдерді президент өзі тағайындайтын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық