Қазақстанда жаңа оқу гранты ашылды
Фото: ашық дереккөзден
«Қазақстан халқына» қорына жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуде үлкен қиындықтарға тап болған жастардан, студенттерден 1,5 мың өтініш келіп түскен.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев еліміздің жоғары оқу орындарында қор құрған білім гранттарына кімдер қатыса алатынын айтты.
«Оларға қалай көмектесеміз деп ойладық, шешім қабылданды, қамқоршылық кеңес ауыл мектептерінің түлектеріне, аз қамтылған отбасылардан шыққан, оқу ақысын төлеуде қиналғандарға гранттық бағдарламаны бекітті. Бұл грантқа жетім және мүгедек балалар да құжат тапсыра алады» деді Болат Жәмішев.
Оның айтуынша, бюджет есебінен гранттық бағдарламалар бойынша Білім министрлігімен бірлесе жұмыс істейтін әрбір университетке үш грант бөлінеді.
Негізгі талап – үміткер мемлекеттік грантқа ие болу үшін жеткілікті балл жинауы керек.
«Біз университет басшыларымен бірге әзірлеген критерийлерге сәйкес келетіндер бұл грантты алуға құқылы болады. Бізде 85 университет, бір университетке 3 грант (бакалавриат бағдарламасы). Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге сол қажеттілік критерийлері бойынша 100 шәкіртақы тағайындап қойдық. Бірақ бұл үміткерлерді осы салада жұмыс істейтін және студент жастарға белгілі қайырымдылық ұйымдары таңдайды. Биылғы бағдарлама бюджеті 378 млн теңгені құрайды. Жылдан-жылға ол өседі» деп түйіндеді қор басшысы.
Еске салсақ, мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтарында «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды. Ол денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты мәселелермен айналысады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық