Қазақстандағы жеңілдетілген автонесие туралы жаңа ақпарат жарияланды
Фото: Ашық дереккөзден
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесие бағдарламасының қаржыландыру көзін шешкен жоқ. Әзірге екі нұсқа қарастырылуда.
«Бірінші нұсқада «Оператор» РОП» компаниясы жинақтаған қаражаттан 100 млрд теңге бөлу қарастырылған. Екінші нұсқада республикалық бюджеттен қаражатты револьверлік негізде бөлу қарастырылған» деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Еске салсақ, 19 қаңтарда «Оператор РОП» ЖШС қызметі тоқтатылды. Қазір компанияның барлық қаражаты «Жасыл даму» АҚ есепшотында.
Бағдарламаның шарттары келесідей:
- қарыз алушы үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4%-дан аспайды;
- бастапқы жарна талап етілмейді;
- несие мерзімі – жеті жылға дейін;
- несие сомасы 10 миллион теңгеден аспауы керек.
Бағдарламаға отандық автокөліктерді сататын барлық автосалондар қатысады. Осылайша, JAC, Chevrolet, KIA, LADA, UAZ, MAN, Renault, Hyundai маркалы көліктерді сатып алуға болады.
Қазіргі уақытта «Жасыл Даму» АҚ тарапынан қаржы бөлу шарттары қарастырылуда. Оператор – Қазақстанның Даму Банкі.
Министрлік қолданыстағы автонесие бағдарламалары бойынша 30 525 автокөлік берілгенін, 2021 жылдың қорытындысы бойынша нақты берілген несиелер сомасы 159 миллиард теңге болғанын айтты.
Еске салсақ, Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасын қайта қолға алынбақшы. 23 ақпанда премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа бағдарламаның шарттарын жариялап, «Жасыл даму» шотындағы 100 миллиард теңге жеңіл көлік сатып алуға берілетін несиеге аударылатынын хабарлаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық