Қазақстандағы тәртіпсіздікке британдықтардың қатысы бар - Замир Кабулов
Фото: РИА Новости
Қасіретті қаңтар оқиғасын тергеу әлі де жалғасып жатыр. Араға бір ай салса да, әлі де тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ұйымдастырушылар іздестіріліп жатыр.
Fondsk.ru порталының хабарлауынша, Еуропарламент Қазақстандағы тәртіпсіздіктерді тергеуге батыс сарапшыларын тартуға ниет білдірген. Алайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев көмектен бас тартқан.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов тергеу әлі жүріп жатқанын хабарлаған. Әзірге ешқандай ақпарат жария етілмеді.
«Тергеу, біріншіден, жабық. Екіншіден, мысалы, ұсталғандардың барлығына дәлелдемелік база жасауға жеткілікті уақыт өткен жоқ» деп жауап берді Сыздықов Валдай конференциясында.
Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «бұл халықаралық террористер мен бандиттердің мұқият дайындалған операциясы» екенін бірнеше рет еске салған.
Осы орайда, бүлікке Ауғанстаннан келген Талибан қозғалысы қатысты деген болжам пайда болған.
Бірақ Ресейдің Сыртқы істер министрі бұл болжамды жоққа шығарды. Олар бүлікке шетелдің қатысы бар болғанымен, ол талибандар емес екендігін алға тартты. Ресей СІМ Азияның екінші департаментінің директоры, РФ Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов «бұл іске британдықтардың қатысы бар» екеніне сенім білдірді.
«Бұл ауған проблемасының нәтижесі емесі айдан анық. Бірақ күте тұрайық, Қазақстан билігі тергеу жүргізіп жатыр, бұл тергеудің қорытындысын, ресми органдардан шыққан нәтижелердің жариялануын күтуіміз қажет, олар барынша толық болады деп сенемін. Егер бұған ауған содырлары қатысты деп жарияланатын болса, сол кезде талқылаймыз. Тағы бір айтар мәселе, бұл жерде сырттың ықпалы айқын байқалады. Дегенмен, бұл ауғандық емес, британдық ықпал сияқты. Мұны растайтын дәлелдер бар» дейді Замир Кабулов.
Айта кетсек, Қазақстандағы тәртіпсіздіктерді тергеуге ҰҚШҰ-да құрылған арнайы жұмыс тобы көмектеседі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық