Қазақстандағы үш университет диплом беру құқығынан айрылды
Ендігі жерде Орталық Азия университеті, «Астана» университеті және Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті диплом бере алмайды.
Оған себеп – білім сапасының стандарттарға сәйкес келмеуі, деп хабарлайды Orda.kz. Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты Тәуелсіз қазақстандық аккредиттеу орталығы мен Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі аталған университеттерді аккредитациясынан айырды.
— «Астана» университеті мен Ақтау гуманитарлық-техникалық университетінде аккредиттеу мәселесі бұрын да болған. Оларды сотқа беріп жатқанымызға бір жылдан асты. Біз анықтаған заң бұзушылықтарына байланысты қазір оларды жалпы лицензиясынан айыру шаралары қабылдануда. Соңғы үшінші тексеру қалады. Осы университеттердің студенттерінен, ата-аналарынан және оқытушыларынан шағымдар түскен. Жағымсыз пікірлердің қатарына сапасыз оқыту жағдайлары, оқытушылар мен ғылыми кеңесшілердің жетіспеушілігі, сондай-ақ дипломның кеш берілуі жатады. Енді диплом алу үшін студенттер басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады. Осы мақсатта біз университеттер қызметінің типтік ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгіздік. Талапкерлер бұл университеттерге грант бойынша түсе алмайды, ал түлектер диплом ала алмайды. Мұндай жағдайдан шығудың жалғыз жолы – студенттерге басқа жоғары оқу орындарына ауысу, - деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрайымы Гүлзат Көбенова.
Комитет түлектер мен жұмыс берушілерге дипломдардың сериясы, нөмірлері және QR кодына назар аударуды ұсынады. Дипломдар сериясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген. Диплом нөмірлерін беру арнайы қызмет арқылы жүзеге асырылады, оның көмегімен университеттер сериялық және реттік нөмірлерді, сондай-ақ QR кодын алады.
Министрлік талапкерлер мен ата-аналарды ЖОО таңдауға жауапкершілікпен қарауға шақырды.
— Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Атамекен» АЭС жүргізетін университеттердің ресми рейтингіне назар аударуды ұсынамыз. Рейтинг жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларының мазмұнын және қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектеріне сұранысын ескере отырып жасалды. Сіз бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және «Атамекен» АЭС-нің веб-сайттарынан таныса аласыз, - деп қорытындылады маман.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық