Қазақстанда тыйым салынған фильм Жапонияда көрсетіледі
Ақтаулық режиссер түсірген елімізде тыйым салынған фильм Жапонияда көрсетіледі. Ақтаулық режиссер күзде Жапонияда өтетін ірі кинофестивальге шақырту алды.
Қазақстандық режиссер Қанат Майлыбаев «Құдық» фильмімен биыл күзде Жапонияда өтетін ірі кинофестивальге шақырту алды. Айтпақшы, Ақтау билігі фильмді жергілікті кинотеатрларда көрсетуге рұқсат бермеген.
Lada.kz сайтының хабарлауынша, актаулық режиссер Қанат Майлыбаев түсірген фильмнің көрсетіліміне бірнеше күн қалғанда тиым салынған. Ақпанның 19-шы күні Ақтаудағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің кинотеатрында аталған махаббат драмасының премьерасы өтуге тиіс еді .
Алайда премьераға екі күн қалғанда режиссерге оны көрсетуге тыйым салынғаны хабарланған. Маңғыстау облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы көркем фильмнің ресми көрсетілімі үшін Мәдениет және спорт министрлігінің прокат сертификаты қажет екенін мәлімдеген. Кейінірек анықталғандай фильмге тыйым 11 ақпанда, фильмді ешкім көрмей тұрып салынған болып шықты. Режиссерге драмада қатыгездік, зорлық-зомбылық, оралмандарды қорлау көріністері бар болғандықтан бүкіл облыста көрсетуге тыйым салынғаны айтылған.
— Өте өкінішті. Қаншама жұмыс атқарылды. Қаншама еңбек босқа жұмсалды. Бір айдан астам уақыттан бері әлеуметтік желідегі парақшама қоқан-лоққылар түсіп жатыр. Мен таң қалдым. Бір ғана жол қалды – фильмді республикалық арнадан тегін көрсету, осы тұрғыда келіссөздер жүріп жатыр, – деді «Құдық» фильмінің режиссері.
Бірақ, табандылығына қарамастан, режиссерден Мәдениет және спорт министрлігі де бас тартты, ол фильмін прокатқа алуды өтінген болатын. Айтпақшы, сурет Маңғыстау облысындағы Құрық ауылының маңында түсірілген, ол махаббатқа арналған, ішінара шынайы оқиғаларға негізделген және қазақ тілінде түсірілген. Енді не де болса аталған фильм Жапониядағы өнер білгірлерінің бағасын алатын болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық