Қазақстанда тұрғын үй саясаты қалай өзгереді?
Фото: Pixabay
Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдер туралы айтты.
«2021 жылдың соңында республика бойынша 17,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. Бұл 151 мың азаматтың тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Тұрғын үй құрылысына құйылған инвестиция өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1 пайызға өсіп, 2,4 трлн теңгені құрады. Биылдан бастап біз жер ресурстарын тиімді пайдалану, жол желісін дамыту және құрылыс сапасын арттыру арқылы ықшам және жан-жақты ғимарат құру арқылы «шаршы метрлерді салудан» жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға көшуді жоспарлаймыз» деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.
Оның айтуынша, азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешудің негізгі тәсілдері субсидиялар арқылы мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері, жалға берілетін тұрғын үй үшін тұрғын үй төлемдері, құрылыс салушылардан дайын тұрғын үй сатып алу, «ескі орамдарды» жөндеу, проблемалық нысандарды аяқтау болады.
«Осыны ескере отырып, біз биылғы жылға тұрғын үйді пайдалануға берудің сол жылдық көлемін – 17 млн шаршы метрді анықтауды ұсынып отырмыз» деді министр.
Бұл ретте ол қазіргі таңда құрылыс саласында 46 476 кәсіпорын жұмыс істейтінін, оның ішінде құрылыс материалдарын өндіруде 2 472 кәсіпорын, 641 000 жұмысшы мен маман жұмыспен қамтылғанын қосты.
«Біз аладғы уақытта жұмыс орындарын сақтау және көбейту саясатын жалғастырамыз. Сонымен қатар, баспананың қолжетімділігін қамтамасыз ету, оның құнының өсуіне жол бермеу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту біздің министрліктің негізгі мақсаттары болмақ» дейді Қайырбек Өскенбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық