Қазақстанда тұмауға қарсы қандай вакцина қолданылады

cover

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов халықты тұмауға қарсы вакциналау үшін не себепті ресейлік вакцина таңдалғанын түсіндірді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Барлық тіркелген вакциналар процедуралық жарыстарға қатысуға құқылы. Бірақ, ең алдымен, ең төмен баға ұсынатын жеткізуші таңдалады, ал өнімнің тиімділігі тіркеу арқылы расталады, - деді Шоранов ОКҚ брифингінде.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева Grippol + вакцинасы бес жылдан астам қолданылғанын және өзінің тиімділігін дәлелдегенін қосты. Сонымен қатар, бұл вакцинаның сақтау шарттары медициналық ұйымдар үшін ең қолайлы.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі тұмауға қарсы вакциналау 15 қыркүйекте басталатынын айтқан болатын. Қазірдің өзінде вакцинаның 2,5 миллион дозасы сатып алынды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар