Қазақстанда сегіз перинаталды орталық салынбақшы
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жүкті әйелдер мен балаларға кешенді, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында заманауи 8 перинаталдық орталық салуды ұсынып отырғанын айтты.
Оларды Нұр-Сұлтан, Қостанай, Жезқазған, Атырау, Орал, Шымкент, Сарыағаш қалаларында және Түркістан облысының Ордабасы ауданында салу ұсынылады.
Бұл ретте ол жергілікті атқарушы органдарға балалар ауруханалары мен перзентханаларды ағымдағы және күрделі жөндеуді, материалдық-техникалық жарақтандыру және кадрлармен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, тәуелсіз төлеушілер үшін МӘМС жүйесіне кіру жарналарын 12 айға алдын ала төлеу механизмі енгізіледі. Бұл халықты әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кеңінен тартуға мүмкіндік береді.
— Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру деңгейін арттыру үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, цифрлық денсаулық сақтау нысандарына техникалық қызмет көрсету және біріктіру бойынша бірыңғай оператор анықталады, денсаулық сақтаудың жаңа электрондық экожүйесіне көшу, және интеграциялану қамтамасыз етіледі, цифрлық денсаулық сақтау нысандары ашылады, - деді Ғиният.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық