Қазақстанда сүт қымбаттады
Фото: inbusiness.kz
Қазақстанда жыл басынан бері сүт бағасы 17 пайызға өскен. Биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында сұйық сүт пен кілегей өндірісі алдыңғы жылмен салыстырғанда 7 пайызға төмендеп, 235,3 мың тонна болды.
Energyprom.kz мәліметінше, бұл алты жыл ішінде өндіріс қарқынының алғаш рет төмен нәтиже көрсетуі. Сүттің басым бөлігін Солтүстік Қазақстан (75,7 мың тонна) және Алматы (44,2 мың тонна) облыстарында өндірді.
Қазақстандық зауыттар сүт пен кілегейге сұраныстың 95,9 пайызын қамтамасыз етті. Шетелден әкелінген сүт пен кілегейдің үлесі 3,7 пайыздан 4,1 пайызға дейін өсті. Ішкі нарықта өткізу көлемі 3,7 пайызға, 192 мың тоннаға дейін қысқарды, ал экспорт екі есе дерлік, 5,6 мың тоннаға дейін төмендеді.
Маусым айының қорытындысы бойынша сүт бағасы 2,4 пайызға, ал жыл басынан бері бірден 17,2 пайызға өсті. Өткен жылмен салыстырғанда сүт бағасы 21,5 пайызға өскен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық