Құрылыс материалдарының бағасы шарықтап тұр
Cурет: ашық дереккөзден
Сарапшылар нарықты ретке келтірудің бірден-бір жолы - өз өндірісіңді ашу деп санайды, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.
Базарлардағы сатып алушылар бағаның үнемі өсіп жатқанына шағымданады.
«Мәселен, наурыз айында 1787 теңгеден сатылған 50 келі цемент қазір 1811 теңгеден сатылып жатыр. Құрғақ құрылыс қоспалары бүгінде 3193 теңге тұрады. Қабырғаға арналған жапсырмалар да қымбаттады: өткен айлармен салыстырғанда олардың құны 10%-ға өсті. Бағалар көтерілді » деп хабарлайды телеарна.
Сатып алушылар сатушыларды бағаны шарықтатты деп айыптайды, ал сатушылар өз кезегінде Ресейдегі тұрақсыз бағаларды айтады. Заттың көбі шеттен келеді. Сарапшылар шетелдік өндірушілерге тәуелділікті азайту қажет деп есептейді.
— Мен бұл мәселені шешудің бір ғана жолын көріп тұрмын – жергілікті кәсіпкерлер зауыт немесе фабрика ашуы керек. Естеріңізде болса, 2020 жылы әлем бойынша көптеген зауыттар коронавирусқа байланысты жұмысын тоқтатқан болатын. Содан кейін импорт пен экспорт тоқтады. Біз құрылыс материалдарының тапшылығына тап болып отырмыз. Пандемия өз өніміңді шығару керектігін көрсетті және бұл ешкімге тәуелді болмауға көмектеседі, - дейді «Қазақстан құрылысшылар одағы» Алматы филиалының директоры Айдар Мусин.
Ресми мәлімет бойынша, 2025 жылға қарай еліміздегі импорт көлемін 27 пайызға дейін қысқарту жоспарлануда, деп хабарлайды арна.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық