Қазақстанда ресейлік кәсіпкерлер клубы пайда болды
Фото: Қазақстандағы Ресей елшілігінің баспасөз қызметі
20 мамырда Нұр-Сұлтанда бірқатар ресейлік компаниялар мен ресейлік-қазақстандық бірлескен кәсіпорындардың өкілдері кірген ресейлік кәсіпкерлердің бейресми клубы ашылып, бірінші отырысы өтті.
Бұл туралы ақпарат Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің Instagram желісінде жарияланды. Іс-шара Ресей елшілігінің, Қазақстандағы сауда өкілдігінің, Нұр-Сұлтандағы орыс үйінің, сондай-ақ Мәскеу бизнес орталығы әкімшілігінің қолдауымен өткені хабарланды.
«Өзінің құттықтау сөзінде Ресейдің Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкин бұл клуб ресейлік шағын және орта бизнес өкілдерінің Қазақстанда бизнес жүргізу мәселелері бойынша бейресми қарым-қатынас алаңы ретінде әрекет ететінін, сондай-ақ өкілдер туындауы мүмкін қиындықтар мен проблемаларды талқылайтынын атап өтті. Мұнда ресейлік іскер топ өкілдері бар» делінген жазбада.
Клубтың негізінде оның мүшелеріне серіктестер табуға көмек көрсетіледі. Ал елшілік, сауда өкілдігі және басқа да ресейлік шетелдік мекемелер өз тарапынан олардың табысты болуы үшін тұрақты қолдау көрсетуді жалғастырады.
Клуб өз қаражаты есебінен жұмыс істейтін болады: қатысушылар ай сайын жалпы қорға 20 мың теңгедей ақша аударады. Клубтың бірінші отырысының қорытындысы бойынша оның президенті болып елші Бородавкин, атқарушы директоры болып сауда өкілі Андрей Бабко сайланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық