Қазақстанда референдум өткізуге бюджеттен неше қаражат бөлінетіні белгілі болды

cover Фото: ашық дереккөзден

Алдағы Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум Қазақстанға 16,5 млрд теңге шығындалады. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

«Алдағы республикалық референдумға мемлекеттік бюджеттен 16 млрд 460 млн теңге бөлінеді. Мұндай есептерді Орталық сайлау комиссиясы келтірді. Бүгін Үкімет қаулысымен осындай шешім қабылдадық» деді Ерұлан Жамаубаев Sputnik Қазақстанға.

Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум 2022 жылдың 5 маусымында өтеді. Оған 11 695 439 азамат қатысады деп күтілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар