Құрғақшылықтан қырылған малдың нақты саны аталды
Фото: Reuters
Еліміздің Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылықтан 1714 бас ірі қара өлді. Мұндай мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Оның айтуынша, тек Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында ғана құрғақшылықтан мал арам өлді деп есептеледі.
– Ресми түрде Маңғыстау облысында 1161 бас мал өлді, бұл облыстағы мал басының 0,1% құрайды. Қызылорда облысында 553 бас арам кеткен, - деді Қарашөкеев.
Ол бұл көрсеткіштердің өткен жылғы өлім көрсеткішінен төмен екенін баса айтты.
Бұған дейін ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев құрғақшылық пен жем-шөптің жетіспеушілігінен шаруалар малдың 30 пайызын жоғалтқанын айтқан болатын. Сонымен қатар ол өлім көбейіп, 3 млн астам жануар өлетінін болжаған. Ауыл шаруашылығы министрлігі сарапшының пессимистік болжамын жоққа шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық