Қазақстанда психотроптық препараттардың ірі арнасы жойылды
Арнайы операция барысында төрт келіден астам «мефедрон» және «α-PVP» психотроптық заттары тәркіленді.
Ақтөбеде ҰҚК департаментінің қызметкерлері интернет-ресурстар арқылы психотроптық заттарды сатты деген күдікпен төрт қазақстандықты ұстады. Олардың екеуінде 1,7 келіден астам «мефедрон» және «α-PVP» психотроптық заттар, есірткі тобының тағы екі мүшесінен 2,8 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

«Осындай жағдай 2 наурызда да болды, Шығыс Қазақстан облысында Алматыдан Өскеменге есірткі тасымалдады деген күдікпен азамат ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 1,2 келі психотроптық зат тәркіленді. Қара нарықта тәркіленген есірткінің алдын ала құны 114 миллион теңгеден асады» деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық