Қазақстанда орыс тілін білмейтіндер қысылып жүр – Рожин
РФ мемлекеттік Думасының депутаты Зюгановтың, оның алдындағы Федоровтың қазақ жеріне, қазақ тіліне қатысты мәлімдемелері аса қызу талқыланған. Ерболат Мұхамеджанның кезекті подкастына үш қазақстандық орыс – Максим Рожин, Геннадий Шиповских және Яков Воронков қатысып, біршама мәселелерді талқылады.
Қазақ тілін жетік меңгерген орыс ұлтының өкілдері Зюганов атаған фактілердің жалған сөз екенін, оған «басты қатырмашы» деп жауап беретіндіктерін жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстанда қазақ тілін білмейтін өзге ұлт өкілдеріне қандай қарым-қатынас жасалатыны туралы да сөз болды.
«Менің жұбайымның сіңлісі Алматыға жұмысқа орналасуға барады. Корей тілін үйреніп жүр, қазақ тілін біледі. Алматыда конкурстан өте алмай, жұмысқа қабылданбады. Себебі орыс тілін білмейді. Сонда Қазақстанда кім қысым көріп жүр?» - деді Рожин.
Ал Воронов елімізде «русофобия» емес, «қазақофобия» бар екенін айтып, өзге ұлт өкілдері ешқандай қысым көрмейтінін жеткізді.
«Қазақтілді азаматтар күзетші, бармен, даяшы сияқты жұмыстарға орысша білмейтін, қазақша ғана білетін ауылдың балалары тез орналасады. Бұл – қызық құбылыс қой», - деді Максим Рожин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық