Қазақстанда оқу жылы екі аптаға ұзаруы мүмкін

cover votray.ru

Қазақстандағы оқу жылы екі аптаға ұзаруы мүмкін.  Оқу-ағарту министрлігінің тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес бірінші сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 35 оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда 36 оқу аптасын құрайды.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

  • 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2022 жылғы 31 қазан – 6 қараша аралығында),
  • қысқы – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы                            8 қаңтар аралығында),
  • көктемгі – 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурыз аралығында);
  • 1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2023 жылғы 6-12 ақпан аралығында).

– Қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын арттыру бір күндегі сабақтар санын азайтуға, күрделі тақырыптарды оқу қарқындылығын төмендетуге, білім беру процесін оқыту қағидаттарында ұйымдастыруға мүмкіндік береді, – делінген түсіндірме жазбада.

Сондай-ақ, құжатта жазғы кезеңдегі каникул күндерінің санын қысқарту өткен оқу жылындағы білімнің бір бөлігін ұмыту қаупін, құқық бұзушылықтарды қысқартуды, оқушылардың шамадан тыс жұмыс істеуі мен сырқаттанушылығын төмендететіні нақтыланады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар