Қазақстанда неше жастан бастап әкім болуға болады?
Қазақстанда неше жастан бастап әкім болуға болады. Облыс әкімдерінің орташа жасы 55 жасты құрады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Зерттеу Қазақстанның 17 облысында жүргізілді.
Ең жас әкім - әлі қырық жасқа толмаған Шымкенттің басшысы Мұрат Әйтенов. Ол республикалық маңызы бар қала басшысы лауазымына 38 жасында келді. 1,3 жыл қызмет атқарып келеді. Әкім өзінің кәсіби мансабын 2004 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің кезекші ауысымының аға инженері болып бастаған.

Ең жасы үлкен Алматы облысының әкімі - Амандық Баталов. Ол 68 жаста. Қызметте жеті жылға жуық отыр, атап айтқанда, 2014 жылдың 20 тамызында тағайындалған. Ол өз мансабын 1981 жылы аға бригадир болып бастаған.
67 жасында Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының басшысы болып тағайындалды. 1,2 жыл бойы осы облысты басқарады. Қазір әкім 68 жаста. Еңбек жолын 1969 жылы Жаңақорғандағы Задаринский совхозында жұмысшы болып бастаған. Сапарбаев 51 жылдан кейін Жамбыл облысының басшысы болды.

Алматы облысының әкімі бұл қызметте ең ұзақ 6,7 жыл, ең азы Қызылорда облысының әкімі 1,1 жыл отырған.
Сондай-ақ, 17 облыстың ішінен бір ғана әкім әйел адам. Қызылорда облысын 56 жастағы Гүлшара Әбдіхалықова басқарады. Ол Қызылорда облысы әкімі міндетін 2020 жылдың наурыз айының соңында бастады.

Әкімдердің барлығы дерлік қазақ және орыс тілдерінде сөйлейді. Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қызылорда және Жамбыл облыстарының әкімдері қазақ және орыс тілдерінен басқа ағылшын тілінде сөйлейді. Ал Жамбыл облысының әкімі түрік тілін меңгерген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық