Мыңға жуық сотталғандар түзеу мекемелерінен босатылады
Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Жеңіл және орташа деңгейде қылмыс жасаған сотталушылар түрмеден босатылады. Сонымен қатар, кейбір ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша өтелмеген жаза мерзімін қысқарту қарастырылған.
Алдын ала есептеулер бойынша рақымшылыққа 14 мыңнан астам адам ілінді, 1 мыңға жуық адам түзеу мекемелерінен босатылады, 3,8 мың адам пробациялық есептен шығарылады.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа шетелдік соттардың үкімімен сотталған қазақстандықтарға рақымшылық жасала ма деген сұрақ қойылды. Ішкі істер министрлігінің басшысы шетелде Қазақстан Республикасының 35 азаматы сотталғанын, олардың кейбірі Қазақстанда жазасын өтеп жатқанын айтты.
– Бір ғана азамат рақымшылыққа ілінсе, 34 азамат аса ауыр және ауыр қылмыс жасаған. Бір адам аса ауыр қылмыс жасап, үш жыл жазасын өтесе амнистияға жатады, - деді Тұрғымбаев.
Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, қарт азаматтарға, I-II топтағы мүгедектерге және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін басқа да адамдарға қолданылады.
– Қабылданған заң аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасауға тыйым салады, бұл қылмыстық ахуалдың нашарлау қаупін болдырмайды. Заңның қабылдануы азаматтарға қателіктерін қайталамауға және жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді, - деп түйіндеді Парламент жоғарғы палатасының спикері Мәулен Әшімбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық