Қазақстанда коронавирустың «Дельта плюс» нұсқасы анықталды. Бұл қандай штам?
SARS-CoV-2 немесе коронавирус инфекциясының көрнекі моделі. Фото: iStockphoto
Қазір Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның екі нұсқасы тарап жатыр. Бұл жөнінде бейсенбі күні қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ӨКҚ брифингінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, кейінгі екі айда аурудың белгілері біршама өзгерген. Күздің алғашқы кезінде, «қыркүйек-қазан айларында диарея синдромы көптеп байқалса, ал қараша-желтоқсанда клиникалық жағдай өзгерді». Нақтырақ айтқанда, нейротоксика белгілері бірінші орынға шықты: дене қызуы көтеріледі, тіпті қабылдау бөлімінде жатқан кейбір науқастардың бірден жансақтау бөліміне түскен кезі болды. «Кома хәлі, санасы бұлыңғырланатын, мидың зақымдалуын көрсететін белгілер кездескен».
– Айналымда дельтадан басқа тағы бір нұсқа бар деген болжам расталды. Тап бүгін нақтыланды. Бейсенбіде секвенирлеуден кейінгі деректер белгілі болды. Алматыдан жіберілген 84 (ПТР коронавирус барын анықтаған – ред.) сынаманың әзірге алтауынан Delta plus (AY.4.2) штамы табылды. Бұл тек айналымда жүргені, ал оның көлемі кейінірек нақтыланады, – деді Бекшин.
Ресми мәліметке қарағанда, Алматыда 80% межеге жеткізу жоспарланған ұжымдық иммунитет бүгінгі таңда 58,4%-ға орындалған. Бас санитар жұртты жазда әлекке салған дельта штамының түрленген жаңа нұсқасы биыл жаздың басында пайда болғанын айтты. Расында да, жаңа штам жайлы алғаш Ұлыбританияда маусым айының ортасында қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі хабарлаған.
ДДСҰ-ның мәліметінше, Delta plus нұсқасы Дельта штамына қарағанда екі есеге қауіпті. Өзге балама деректерде қатер ықтималдығы 10% артық деп көрсетіледі. Айырмашылығы – үнді штамының бастапқы түрінен гөрі K417N мутациясы арқылы өкпе жасушаларына жылдам жабысады да антиденелердің түзілуін баяулатады. Күзде өрши түскен жаңа нұсқа жұқтырғандар қатары ондаған мыңнан асады. Мәселен, Дания, Германия, Израиль, АҚШ, Канада, Ресей және Жапония сияқты елдерде тіркеліп үлгерді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық