Қазақстанда коронавирус жұққандар 800-ге артты, бір өңір қызыл аймақта
Алматы қаласындағы Балалардың клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы. Фото: Күлтегін Аспанұлы
Сәрсенбі күні 683 адамнан коронавирус анықталса, сейсенбіде* 115 адамға Covid пневмониясы диагнозы қойылды. 7 желтоқсанда ауруы асқынған 13 адам қайтыс болды.
ПТР арқылы коронавирус жұққаны расталғандардың ең көбі астана (104) мен Қарағанды (101) облысына тиесілі. СҚО (83), Павлодар (81), Қостанай (71), Ақмола (64) өңірлерінде де аурушаңдық өсімі тұрақты. Ақтөбе (3), Түркістан (4), Маңғыстауда (5), Жамбыл (6), Қызылорда (7), Атырау (7) облыстарында біршама азайған. Өткен күні 1044 адам айығып шыққан, алдыңғы тәулікте 12 адам көз жұмған.
Covid пневмониясына шалдыққан 115 сырқаттың басым бөлігі Ақмола (27), ШҚО (25), Алматы облысы (15), Жамбыл (11) аймақтарынан. Сондай-ақ, ауруынан сауыққан 207 адам үйіне жіберілген. Бір адам өмірден өтті.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір 22 мыңнан аса адам емделіп жатыр. Оның 19 мыңнан көбі коронавирус, 3 мыңға жуығы Covid пневмониясын жұқтырғандар. 4,4 мың науқас ауруханада, тағы 18 мыңдайы амбулаториялық бақылауда. 349 адамның хәлі ауыр, 85 науқастың жағдайы өте нашар және 60 адам өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстауға мәжбүр.
Эпидкарта дерегінше, Ақмола облысы қызыл аймаққа өткен. Сонымен қоса, елорда, Қарағанды, СҚО, Павлодар, Қостанай облыстары сары аймақта қалып отыр. Өзге 11 өңір жасыл аймақта.
Елде пандемия басталғалы тек билік мойындаған деректің өзінде коронавирусқа шалдыққандар 1 млн 61 мыңға (КВИ+ 977,5 мың, КВИ- 83 мың) жуықтаса, қайтыс болғандар қатары 18 мыңға таяған. Тәуелсіз зерттеу ұйымдары мен сарапшылар шынайы көрсеткіш бұдан әлдеқайда көп дейді. Билік ресми статистикаға кіргізбейтін «коронавирустың жанама әсерінен» қайтыс болған 3685 адамның бойынан ПТР арқылы инфекция бары анықталса да, жалпы есептен тысқары қалған.
Қазақстан вирус таралуы бойынша әлемде Джонс Хопкинс университеті және ДДСҰ тізіміндегі 221 ел мен аймақтың арасында 41-орында тұр.
*Қазақстанда Covid пневмониясын жұқтырған науқастар есебі мен қайтыс болғандар есебі ПТР арқылы расталған коронавирус туралы мәліметке қарағанда бір күнге кешігіп жарияланады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық