Қазақстанда күнбағыс майының бағасы 836 теңгеге жетті
Қазақстанда күнбағыс майы жыл басынан бері шамамен 30%-ға және бір жылда 56%-ға қымбаттады.
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елде 131 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ға аз.
2020 жылы Қазақстанда алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,7%-ға артық, яғни 351,3 мың тонна күнбағыс майы өндірілді.
2021 жылдың қазан айында еліміздің дүкендері мен базарларында күнбағыс майының бір литрін 767 теңгеге сатылып жатыр. Бұл бір жыл бұрынғыдан 56,2%-ға қымбат. Бір айда баға 0,3%-ға, жыл басынан бері 29,9%-ға өскен.
Қазақстанның ірі қалаларының ішінде күнбағыс майының бір литрі ең қымбаты – Атырауда (836 теңге), ең арзаны – Петропавлда (664 теңге).
Күнбағыс майының бағасы БҚО-да бірден 71,7%-ға, Қостанай облысында – 70,9%-ға, Ақмола облысында – 69,8%-ға өскен. Ең азы Қарағанды облысы мен елордада тіркелген, 44,3%-ға баға өсімі тіркелген.
Болжам бойынша, Қазақстанда алдағы бір жарым айда күнбағыс майының литрі 100 теңгеге арзандауы мүмкін. Бұған Ресей мен Украинадағы күнбағыстың жоғары өнімділігі ықпал ете алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық