Қазақстанда көмір 5700 теңгеден сатылады - Атамқұлов
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңірлерде көмірдің тоннасы 5200-5700 теңгеден сатылатынын айтты.
«Жанар-жағармай бағасының айтарлықтай өсуі байқалады. Дизельдік отын бағасының күрт секіруі әсіресе қоғамдық көліктерге, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне және автомобиль көлігіне әсер етеді. Дәл осындай жағдай көмір нарығында да қалыптасты. Тұрмыстық көмірдің бағасы 2009 жылы 2014 жылға тасымалдау және электр энергиясы тарифтерінің көтерілуіне байланысты 9 пайызға дейін өсті. Жағдай жанар-жағармай және көмір бағасының өсуі барлық тауарлар бағасының өсуіне әкеп соғатындығымен қиындауда» деді депутат Ләззат Рысбекова сенат отырысында.
Министр Атамқұлов көмір бағасының өсуін тежеу шаралары жүргізіліп жатқанын нақтылады.
«Ірі тауар өндірушілер олармен меморандум жасады. Біз Қаражыра, Богатырь, Шұбаркөл кен орындарымен нақты бағаны келістік. Бағасы 5200 теңгеден бастап, ең қымбаты - тоннасына 5700 теңге болады» деп уәде берді министр.
Оның айтуынша, ағымдағы жылыту маусымында өңірлердің көмірге деген сұранысы 9,3 млн тоннаны құраған.
«Қазірдің өзінде 8,8 млн жөнелтілді. Вагондар уақытылы жеткізіліп жатыр. Өңірлердегі жағдай тұрақты. Аймақтарға жеткенде әрқайсысында тарату орталықтары бар. Қазір көмірге сұраныс өте жоғары болғандықтан, қараша айында қосымша 484 мың тоннаны жоспарлап қойдық. Қазақстан Темір Жолы мен карьерлерге қосымша сұраныстар берілді. Егер өңірлерден сұраныс көп болса, біз бұл көрсеткіштерді арттыруға дайынбыз» деп сендірді Атамқұлов.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда көмір тапшылығы байқалған. Оны министрлікте «әкімдіктер уақтылы қозғалмады» деп түсіндірді. Салдарынан Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы мен Нұр-Сұлтанда көмір жетіспеді.
Жаңалықтар
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді