Қазақстанда электрсамокаттарын пайдалану құқықтық негізде реттеледі
Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр электросамокаттарды жіктеуге және құқықтық реттеуге қатысты түсінік берді.
Осы жылғы қазан айында Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұртөре Жүсіп өзінің депутаттық сауалында электросамокаттар, самокаттар мен гироскутерлер тек олардың иелерінің ғана емес, жаяу жүргіншілердің де өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін айтқан болатын.
— Кедендік бақылау аясында техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкес келмейтін электросамокаттардың елге әкелінуіне шектеу енгізу үшін Еуразиялық экономикалық одақ ауқымында техникалық регламентке тиісті толықтырулар қажет. Осыған байланысты, биылғы 17 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияға (ЕЭК) «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті аясында реттеу үшін электр самокаттарын қосу бойынша ұсыныс енгізілді. Аталған мәселе мүдделі тараптардың қатысуымен ЕЭК алаңында қаралатын болады, - деді Скляр депутаттық сауалға жауап ретінде.
Электросамокаттарды құқықтық реттеу үшін қазіргі таңда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамашылығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленген.
— Осы заң жобасы электросамокаттардың жол жүрісіне қатысуын регламенттеу, «шағын электр көлік құралы» ұғымын енгізу, сондай-ақ осы құралдарды басқаратындардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу бөлігінде түзетулерді көздейді. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар осы заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасын әзірлеуде. Көрсетілген актілерді қабылдау электросамокаттарды пайдалану мәселелерін құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді, - деді Роман Скляр.
Сонымен қатар Роман Скляр тиісті ұлттық стандарттарды әзірлеу Техникалық регламент жаңарғаннан кейін жүргізілетіндігіне назар аудартты.
Жаңалықтар
- Тоқаев ЕО дөңгелек үстелінде: Біз білімге негізделген экономика қалыптастыруға ұмтыламыз
- 150 млн еуро инвестиция: Тоқаев пен ЕО басшылары жаңа келісімдерге келді
- Ербаян Мұхтар қайтыс болды
- Тоқаев: Бельгия — Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі
- 102 адам мейрамханадағы астан уланды: Сот қылмыстық іс қозғады
- 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда не өзгереді: Жаңа Конституция және кедендегі жаңа ережелер
- Қазақстанда сұйытылған газды жеткізу ережелері өзгерді
- Краннан құм, лай, құрт шыққан: Талғар тұрғындары тағы да дабыл қағып, 18 жылдан бері таза суға жете алмай жүр
- Көкшетауда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген әйелдің жазасы кейінге қалдырылды
- Қазақстандағы айыппұл саясаты: «Айыппұлстан» деген сөзге қатысты Ержан Сәденов өз көзқарасын білдірді
- 254 адам өліп, эпидемия жариялаған Конгоға Эбола вирусымен күресу үшін Қытай мыңдаған дәрігерін жіберді
- Астанада 224 жер учаскесі мемлекет қажетіне алынады
- Қытай АҚШ-тың 56 компаниясына қарсы сауда шектеулерін енгізді
- Қандай пост, пікір, репост үшін 20 жыл түрме беріледі? Прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
- Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып Ғиззат Байтұрсынов тағайындалды
- Президент елдегі жарылысқа байланысты Катар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
- Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапары барысында отандастармен кездесті
- Әл-Фарабидегі апат: Сот Пакты 10 жылға бас бостандығынан айырды
- Bloomberg — Ормуз бұғазы арқылы өтетін Иран мұнайы экспорты ең жоғары деңгейге жетті
- Ақтөбе облысында 102 адам мейрамханадағы астан уланып, ауруханаға түсті