Қазақстанда инфляцияның өсуі жалғасуда

cover Фото: ашық дереккөзден

Шілдеде жылдық инфляция 14,5%-дан 15%-ға өсті.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтың айтуынша, шілдеде Қазақстанда айлық инфляцияның өсу қарқыны бұрынғысынша жоғары деңгейде сақталса да, бір ай бұрынғы 1,6%-дан 1,1%-ға дейін төмендеді.

«Баға өсімінің баяулауы жеміс-жидек пен көкөніс құнының маусымдық төмендеуінің әсерінен орын алды» деді ол.

Салдарынан шілдеде жылдық инфляция 14,5%-дан 15%-ға дейін өсті. Бұл ретте инфляцияға үлестің жартысынан астамы азық-түлік бағасының өсуі есебінен жалғасуда. Осылайша, азық-түлік инфляциясы 19,2%-дан 19,7%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 13,2%-дан 14,2%-ға дейін өсті. Осылайша, экономикадағы инфляциялық қысым жоғары деңгейде қалып отыр.

«Инфляцияның үдеуін және инфляциялық күтулерді, олардың тұрақтылығын, сұраныстың фискалдық ынталандырылуын және сыртқы инфляцияға қарсы фонды ескере отырып, 25 шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14%-дан 14,5%-ға дейін көтерді. Бұл келесі жылы инфляцияға біртіндеп әсер етеді» деді Баймағамбетов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар