Қазақстанда бірлескен ерлі-зайыпты зейнетақы аннуитеті енгізіледі
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова сақтандыру нарығына қатысты заң жобасын талқылап, бірлескен ерлі-зайыпты зейнетақы аннуитеті туралы айтты.
Заң жобасының негізгі мақсаты – сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту. Ол үшін жаңа өнімдер енгізу, қызметтерді цифрландыру, тұтынушылар мен инвесторлардың құқығын қорғау, заңнаманы үздік халықаралық практикаға сәйкес келтіру талап етіледі. Заң жобасында үш кодекске және 27 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
– Заң жобасының бірінші блогы сақтандыру секторын кешенді дамытуға бағытталған. Сақтандыру секторы сақтандыру активтерінің тұрақты өсуін және жоғары қаржылық орнықтылықты көрсетіп отыр. Нарық активтері соңғы үш жылда 76 пайызға өсіп, 1,7 трлн теңгені немесе ішкі жалпы өнімнің 2,3 пайызын құрайды. Заң жобасында жинақтаушы сақтандыруды дамыту үшін жаңа әлеуметтік маңызды сақтандыру өнімдерін енгізу көзделеді. Бұл мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі ауқымында жинақтаушы сақтандыру және бірлескен ерлі-зайыпты зейнетақы аннуитеті, - деді Мәдина Әбілқасымова.
Әбілқасымова білім беру жинақтаушы сақтандыру өнімі баланың жоғары оқу орнында оқуына ақы төлеу үшін ақшаны кепілдікпен жинақтауға мүмкіндік беретінін айтты.
– Екінші өнім - бірлескен ерлі-зайыпты зейнетақы аннуитеті. Бірлескен аннуитет ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстарының зейнетақы жинақтарын біріктіруге мүмкіндік береді. Егер ерлі-зайыптылардың бірінде зейнетақы жинағы жетпей, ал екіншісінде артық болса, олар зейнетақы жинақтарын бірге қосып, зейнетақы аннуитетін сатып алады. Сонымен бірге, төлемдерді өмір бойы алуға мүмкіндік алады, - деп Әбілқасымова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық