Қазақстанда азық-түлік бағасының қымбаттауы бойынша рекорд жаңарды
Фото: Белгород
Азық-түлік бағасының қымбаттауы Қазақстанда және бүкіл әлемде рекордты жаңартып отыр. Бірақ азық-түлік қауіпсіздігін тікелей қамтамасыз ететін сала – агроөнеркәсіп кешені Қазақстандағы ең төменгі жалақы алатын салалардың бірі болып қала береді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша, азық-түліктің әлемдік бағасы соңғы 10 жылдағы өзінің тарихи деңгейін жаңартып, 2011 жылғы шілдедегі деңгейден асып түсті.
Осылайша, ағымдағы жылдың қазан айында азық-түлік бағасы индексінің орташа мәні 133,2 тармақты құрады. Бұл қыркүйектегі көрсеткіштен 3,9 тармаққа (3%) және 2020 жылғы қазандағы көрсеткіштен 31,8 тармаққа артық.
finprom.kz сарапшылары барлық негізгі сегменттер бойынша айтарлықтай өсім байқалатынын жазды.
Қазақстанда 2021 жылдың қазан айына қарай азық-түлік тауарлары 11,3%-ға өсті. Оның ішінде өсімдік майы – 54,2%-ға, қант – 25%-ға, жарма – 16,1%-ға, ет – 10,3%-ға, сүт өнімдері – 7,4%-ға қымбаттады.
Сонымен қатар, Қазақстанда елдің азық-түлік қауіпсіздігіне бірінші кезекте жауапты саладағы орташа айлық жалақы Қазақстандағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі болып табылады: 167,5 мың теңге.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық