Қазақстанда астық пен ұн экспортына шектеу енгізіледі
Фото: spk-baikonur
Қазақстанда 15 сәуірден бастап астық пен ұн экспортына шектеу енгізіледі. Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров елдегі астық пен ұнның көлемі ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті екенін айтты.
Сапаровтың айтуынша, ішкі нарықтағы тапшылықты болдырмау және ұн тартатын кәсіпорындардың жүктемесін азайту үшін шектеу шаралары қажет.
– Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 15 сәуір мен 15 маусым аралығында бидай мен ұн экспортына квота енгізу туралы шешім қабылдады. Бидай квотасының көлемі - 1 миллион тонна, ұнға - 300 мың тонна, - деді Сапаров ОКҚ онлайн-брифингінде.
Сапаровтың айтуынша, ішкі нарықтағы нақты жағдайды бағалау үшін министрлік ұлттық статистика бюросымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өңірлердегі бидай қорларын түгендеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
– 7 сәуірдегі жағдай бойынша қор 118 мың тонна ұнды құрайды, оның ішінде тұрақтандыру қорында 10 мың тонна, «айналым схемасы» шеңберінде 22 мың тонна, өндірушілерде 48 мың тонна, қоймаларда шамамен 20 мың тонна және сауда объектілерінде 18 мың тонна бар. Көрсетілген көлем ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Сонымен қатар, «Азық-түлік корпорациясы» ресурстарында 800 мың тоннадан астам астық бар, олар қажет болғанда жағдайды тұрақтандыру үшін ішкі нарыққа жіберілетін болады, - деп толықтырды Айдарбек Сапаров.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық