Қазақстанда қант тапшылығы болмайды —Ауыл шаруашылығы министрлігі
11 наурыз күні таңертең Сауда және интеграция министрлігі импорттық қанттың 3 айға жететінін хабарлады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы құрылымдарының үздіксіз жұмыс істеуін бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, елімізде 1,5 миллион тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры бар. Оның ішінде ұн – 145,1 мың тонна, қант – 47,6 мың тонна, күріш – 40,2 мың тонна, макарон өнімдері – 21,3 мың тонна және 1 млн тонна көкөніс өнімдері, т.б.
«Азық-түлік өндірісі тоқтамайды, қорлар жүйелі түрде толықтырылуда. Жарма, ұн, консерві және басқа да тауарларды өндіру үшін шикізат жеткілікті, ет және сүт өнімдерін өндіру үшін мал басы жеткілікті» делінген хабарламада.
Республикадағы астық және бұршақ дақылдарының қоры 10 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде 8,1 млн тонна бидай, 1,2 млн тонна арпа, 157 мың тонна жүгері және 26 мың тонна қара бидай бар.
«Осылайша, республика ішкі нарықтың астыққа деген қажеттілігін өз өндірісі арқылы қамтамасыз етуге толық қауқарлы» дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қоймада 47,6 тонна қант бар. Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында импортты алмастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын баса айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық