Қазақстанда қант бағасы 750 теңгеге дейін қымбаттады
Фото: Pixabay
Қазақстанда қант бағасы тағы да қымбаттады. Солтүстік Қазақстан облысында өткен аптада 580 теңге болған қант бірден 200 теңгеге қымбаттаған.
Петропавлдағы көтерме сауда базарындағы сатушылар өткен аптада қант 3-4 күнге жоғалып кеткенін алға тартты. Сондықтан осы аптада оның ең төмен бағасы 750 теңгеден басталады.
«Бағаны тұрақтандыру мақсатында ірі сауда орындарына, базарларға қанттың тәуліктік нормасы жеткізіліп жатыр. Бұдан бөлек, коммерциялық қант басқа сауда орындарында да жеткілікті. Ал кондитерлік кәсіпорындарға үш фирма қанттың келісін 485 теңгеден өткізіп жатыр. Жалпы биыл біз 816 тонна, яғни12 вагон қант сатып алдық. Қазір тұрақтандыру қорындағы былтыр алынған қант сатылып жатыр. Сәуір айында «Азық түлік корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы қосымша 136 тонна сатып алынды» дейді СҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Ләззат Ғалеева.
Мамандар тұрақтандыру қорында әлі 406 тонна қант бар екеніне сендірді.
«Тұрақтандыру қорындағы қант Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының сауда орындарына, ірі сауда желілеріне, супермаркеттерге, сауда үйлеріне жеткізіледі. Базарларда ғана біздің 6 сауда орнымыз бар. Бұл жерлерде қанттың бағасы – 330 теңге. Сауда орындары үстінен 20 теңге қосып сата алады. Тек бір ғана ірі сауда желісі арқылы аптасына 12 тонна қант сатылады» дейді «Солтүстік» ӘКК ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ғамали Жұмашов.
Қордағы қант күзге дейін жетеді. Қазір Көксу қант зауытымен келіссөз жүргізіліп жатыр.
«Зауыттар да қанттың бағасын көтеріп жіберді. Мысалы Көксу қант зауыты бізге қанттың келісін 430 теңгеден ұсынып отыр. Біз әзірге ол бағаны қымбатсынып, келісімге келген жоқпыз» дейді Ғамали Жұмашов.
Бүгінгі күні Үкіметте қазақстандық зауыттардың қант өндірісін арттыру мәселесі қаралып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық