Қазақстанда қант қажетті мөлшерден асады – Смайылов
Сурет: aikyn.kz
Премьер-Министр Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Ол сондай-ақ өңірлерде 15 пайыздық сауда үстемесіне бақылауды күшейткен жөн екенін түсіндірді. Жиын аясында халықты алаңдататын тақырып – қант тапшылы мен оның бағасы туралы да айтылды.
— Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қант қоры 100 мың тоннадан астам болса, ай сайынғы тұтыну 59 мың тоннаны құрайды. Бұл жеткілікті. Бірақ, сонымен қатар, кейбір сауда орындарында қант 700-800 теңгеден сатылуда. Бұл асығыс сұранысты пайдаланып, қосымша пайда тауып отырған жеке тұлғалардың заңсыз кәсіпкерлік қызметі нәтижесінде орын алып отыр. Жалпы, қанттың орташа бағасы шамамен 480-490 теңге/кг болуы керек. Мұнымен күресу керек, - деді ол.
Ал, елде жыл басынан бері пияз, қырыққабат, қант, картоп, сәбіз және қарақұмық бағасының қымбаттауы белең алды. Өңірлер арасында бағаның ең жоғары көтерілуі Жамбыл және Маңғыстау облыстарында – 18,7%, Алматыда – 18,6%, Нұр-Сұлтан мен Алматыда – 18,5%, Шымкентте – 18% байқалды.
Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев мұндай жағдай (азық-түлік бағасының өсуі – ред.) көршілес елдердің нарығында да байқалатынын нақтылады. Ол мысал ретінде жыл басынан бері азық-түлік бағасы Ресейде 40 пайызға, Өзбекстанда 48 пайызға өскен айтты.
Халық арасындағы шиеленісті қандай да бір жолмен азайту және кәсіпкерлердің жағдайды пайдаланып «ақша табу» мүмкіндігін азайту үшін шара қабылдау керек. Қазанбаев электрондық шот-фактура деректерін монополияға қарсы органдар мен жергілікті атқарушы мекемелерге беруге мүмкіндік беретін мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығын әзірлеуді ұсынды. Атқарушы органдар тауар бағасын асырып жіберу фактілерін анықтап, заңда көзделген шараларды қабылдауы тиіс.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық