Қазақстанда 8 желтоқсаннан бастап қайта егуден өтуге болады – Цой
Кем дегенде алты ай бұрын вакцинаның толық курсын аяқтаған кез келген адам 8 желтоқсаннан бастап коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өте алады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Бұған дейін Қазақстан халықты қайта егу әдісін пысықтаған болатын. 8 желтоқсаннан бастап екі доза егуді аяқтаған, сондай-ақ коронавирус жұқтырған барлық адамдар алты айдан кейін қайта вакциналауға жатады. Бүгінгі күні қайта егумен 44 мыңнан астам адам қамтылды.
«Біздің ғалымдар халықаралық тәжірибені зерттеді. Жалпы әлемде 6 айдан кейін қайта вакциналауды ұсынатынын көріп отырмыз. Сондықтан біз 9 айдан 6 айға ауыстырдық, яғни уақытты қысқарттық, өйткені ағзаны коронавирустың жаңа штамдарынан көбірек қорғау үшін иммундық жүйені ынталандыруға қажеттілік бар» деді Цой.
Журналистер министрге кез келген адам 8 желтоқсаннан бастап емханаға келіп қайта егуден өте ала ма деп сұрады.
«Иә, вакцинаның екінші дозасын алғанына 6 ай болған адамдар келіп, вакцина ала алады» деп қосты Денсаулық сақтау министрі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық