Қазақстанда 5 мыңнан астам сотталғанға рақымшылық жасалды
Барлығы 12 мыңнан астам сотталғанға рақымшылық жасалды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Қазір еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 34 мыңнан астам адам қамауда. Жалпы, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойылғаннан бері бас бостандығынан айыру орындарындағы 945 адам жазадан босатылды, тағы 1102 сотталғандардың өтелмеген жазасы қысқарды.
Сотталғандар судья қаулыны жариялағаннан кейін дереу босатылуға жатады. Бұрынғы рақымшылықтарда шешімнің күшіне енуін күту қарастырылған және олар түзеу мекемелерінен 15 күннен кейін ғана босатылатын.
Бұл ізгілікті әрекет қоғамнан оқшаулауды көздемейтін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарға да қатысты. Мәселен, бүгінде пробация қызметіне жауап беретін жазадан босатылғандардың саны 1741. Сот 1,7 мыңнан астам жауапты тұлғаларға қатысты өтелмеген жаза мерзімін қысқарту туралы қаулылар қабылдады.
Еске салайық, рақымшылық қылмыстық-құқықтық қатынастардың жекелеген аспектілеріне ғана қатысты, өз мәні бойынша ол азаматтарды түзетпейді, тек қылмыстық жазаланатын әрекет жасаған адамдардың жағдайын жеңілдетеді. Адамгершілік әрекет жазадан толық немесе ішінара босатудан, неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырудан немесе қылмыстық қудалауды тоқтатудан тұрады.
Айтпақшы, ол азаматтардың және мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстарды жасаған адамдарға қатысты, халықтың әлеуметтік осал санатына - кәмелетке толмағандарға, әйелдер мен егде жастағы ер адамдарға, мүгедектерге ерекше назар аударылады ( 1 және 2 топтар). Өткен жылдан бері қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелерімен сотқа 11 мыңнан астам материал жолданды, оның ішінде мекемелерден 2310, пробация қызметінен 9321.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық