Қазақстанда 313 мыңнан астам адам екпе салдырды
Қазақстанда бүгінгі күнге дейін – 313 611 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Екпе қабылдаған адамдардың ең көбі Алматы қаласында болса, ең азы Маңғыстау облысында тіркеліп отыр.
Ал екпенің екінші дозасын еліміз бойынша – 104 889 тұрғыны салдырған.
Рейтингтік көрсеткіш тізбегі бойынша:
Алматы қаласы бойынша – 69 690 адам екпенің бірінші дозасын, ал – 14 328 адам екінші дозасын алды.
Одан кейінгі орында тұрған Түркістан облысында – 28 897 адам бірінші, 11 569 адам екінші дозасын салдырған.
Нұр-Сұлтан қаласында – 28 341 адам алғашқы дозаны, 8 606 адам екінші доза қабылдаған.
Екпе салдырғандардың ең азы – Маңғыстау облысында тіркелген. Бұл өкірдегі көрсеткіш бойынша 6 691 адам бірінші доза алса, 1 072 адам екеуін де салдырған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық