Қазақстанда 23 университет жабылу алдында тұр ма? – БҒМ пікірі
Фото: Радио Азаттық
ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда 23 жоғары оқу орны жалған диплом бергені үшін жабылуы мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме берді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде жабылуы мүмкін деген университеттердің тізімі жарияланған еді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова Білім министрлігі елдегі білім сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті университеттерде ата-аналар мен студенттердің шағымдары мен өтініштері негізінде тексерулер жүргізеді, - деп түсіндірді ол.
Комитет төрағасының орынбасары атап өткендей, кейбір жоғары оқу орындарында әр түрлі заң бұзушылықтар анықталады: оқыту үшін жағдайдың болмауы, сабақтың аздығы, оқытушылардың талаптарға сай келмеуі, ескірген инфрақұрылым және тағы басқалар.
– Тексерулерден кейін жоғары оқу орындарына қажетті жұмыстарды орындауға және білім сапасын арттыруға уақыт беріледі. Себебі қазір университеттер қажетті талаптарға сай болмаса, ертең білімсіз мамандар шығады, - деді Гүлжан Жарасова.
Бұл тізімді кімнің жасағанын ҚР Білім және ғылым министрлігі білмейді.
– Біз тағы да талапкерлерді және олардың ата-аналарын жоғары оқу орындарын таңдау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырғымыз келеді. Білім беру қызметінің сапасына, бағдарламалардың мамандандырылған аккредитациясының болуына, облыстар бойынша лицензиялардың болуына және жалпы университеттің беделіне назар аудару маңызды, – деді Гүлжан Жарасова
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық