2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары бекітілді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдің 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары бекітілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құжатты Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірге жасады.
Еліміздің 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары елдің жаңа экономикалық бағытының негізгі міндеттері мен параметрлерін анықтайды.
Құжатта маңызды экономикалық салаларды дамытудың стратегиялық көрінісі, коронавирустық дағдарыстың салдарын теңестіруге және жаңа экономикалық шындық пен қазіргі жағдай аясында тұрақты, инклюзивті және сапалы экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған негізгі саясатты жетілдіру жөніндегі нұсқаулар көрсетілген.
— Жоспар халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған түбегейлі институционалдық және салалық реформалардың негізін қалайды. Денсаулық сақтау мен білім беру қызметін жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға, нәтижелі жұмыспен қамтуға және әлеуметтік әл-ауқатты арттыруға ерекше назар аударылатын болады, деп атап өтті құжат авторлары.
Сондай-ақ, ел Президенті мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа құралы болып табылатын «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық басымдықтары туралы» жарлыққа қол қойды.
Ұлттық басымдықтар (NPS) үш негізгі бағыт бойынша 10 нақты мақсатты ұсынады:
- Әділетті әлеуметтік саясат.
- Қол жетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі.
- Сапалы білім.
- Азаматтардың мүдделерін қорғауға арналған әділ және тиімді мемлекет.
- Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі.
- Патриотизм құндылықтарын тәрбиелеу.
- Ұлттық қауіпсіздікті нығайту.
- Әртараптандырылған инновациялық экономиканы құру.
- Экономикалық және сауда дипломатиясының белсенді дамуы.
- Теңгерімді аумақтық даму.
— Ұлттық даму жоспарының индикаторлары мен ұлттық басымдықтар бүкіл мемлекеттік аппарат жұмысының негізгі бағыттарын анықтайды, деп түсіндірді Ұлттық экономика министрлігі.
Осы стратегиялық құжаттарды іске асыру елдің тұрақты және сапалы экономикалық өсу траекториясына енуін қамтамасыз етуге арналған, бұл халықтың өмір сүру сапасы мен табысының нақты өсуімен қатар жүреді.
Жаңалықтар
- Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Астана–Дубай рейсі кері қайтты
- Петропавлда есірткі тасымалдаушы полициядан қашамын деп дүкенді талқандады
- Иран Ормуз бұғазына шығатын жолды қайта бұғаттады
- Дархан Сатыбалды: Биыл 11 мыңнан астам мұқтаж азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсарады
- Президент Райымбек ауданы тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
- Гонконг әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашады
- Бишімбаев ісімен танылған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті
- 200 жер телімі алынады: Үлкен Алматы айналма жолына алты жолақты магистраль қосылады
- Қонақүйдегі жанжал: Қайрат Нұртас қыз зорлады деген ақпарат расталмады
- 15 жастағы қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында әлемдік рекорд орнатты
- ӘЧ-2026: Испания құрамасы Бельгияны жеңіп өз рекордын жаңартты
- Джеки Чан «Құдыретті сауыт: Ультиматум» фильмі түсірілімі алдында Қазақстандық банктің клиенті атанды
- BaiQymyz-2026: Астанадағы фестивальде қонақтарға 56 тонна қымыз құйылады
- «Мың зымыранды Иранға бағыттаймын»: Трамп ультиматум қойып, тағы қорқытты
- Тоқаев Трамппен экономика мен қауіпсіздік мәселелерін талқылап, оны Қазақстанға шақырды
- Астанада төрт адамды балталап өлтірді деп айыпталған адамға мәжбүрлі ем тағайындалды
- Үш министрліктің бұйрығы: Қазақстан көші-қон саясатын қатаңдатады
- Ақтөбеде мерзімді қызметтегі сарбазды ұрған сержант сотталды
- «Әділет» партиясы сайлауалды бағдарламасы мен кандидаттар тізімін бекітті
- Қостанайда пойыз вагонына шыққан жасөспірім тоққа түсіп, ауыр күйік алды