Қазақстанда 20 жыл құлдықта болған ресейлік сөзін қайтып алды
Видеодан алынған кадр
Қазақстанда 20 жыл құлдықта болғанын жариялаған ресейлік Алексей Котов өз мәлімдемесінен бас тартты. Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаменті хабарлады.
Еске салсақ, Қарағанды облысы бойынша полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында Қарағанды облысы Шет ауданындағы Мұхтар қыстауында ер адамның өзін заңсыз ұстағаны туралы хабарлаған видеоны анықтаған болатын.
Бейнежазбада ер адам өзін Ресей Федерациясының Ярославль облысы Гаврилов-Ямский ауданы Горе-Грязь ауылының тумасы Алексей Александрович Котов деп таныстырған.
Бейнехабарлама бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақпаратты тексеру үшін тергеу-жедел тобы Шет ауданына барып, осы шаруа қожалығын, оның иелерін және Котовтың өзін тапты.
«Ресей консулдығы қызметкерлерінің қатысуымен жауап алынған Котов шаруа қожалығының аумағында өз еркімен болғанын және жұмыс істегенін, ұялы телефонды пайдаланғанын және фермадан кез келген уақытта кетуге мүмкіндігі болғанын айтты. Видеоны жариялаудағы жалғыз мақсаты – үйіне оралу болған. Котов өз мәлімдемесінен бас тартып, шаруа қожалығының иесіне еш шағымы жоқ екенін алға тартты» делінген полиция хабарламасында.
Қазір Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Алексей Котовты Нұр-Сұлтанға алып кеткен, сол жерден ол үйіне жөнелтіледі.
Жаңалықтар
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді