Қазақстанда 20 көпсалалы аурухана мен 2 клиника салу жоспарланған – Цой
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен инвестициялық штаб отырысы өтіп, жаңартылатын энергия көздері және денсаулық сақтау салаларындағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы қаралды.
Инвестициялық штаб отырысында Мағзұм Мырзағалиев пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ҚР жаңартылатын энергетика саласындағы инвестициялық жобалардың мәртебесі туралы баяндады.
– Қазіргі таңда Қазақстан Үкіметі «ADQ» араб компаниясымен және «Тotal Energies» француз компаниясымен уағдаластыққа қол жеткізді. Ірі ауқымды жобалар алдағы 10 жылда 5 ГВт жаңа ЖЭК қуатын кезең-кезеңімен енгізуді көздейді. Бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру атмосфераға парниктік газдар шығарындыларының көлемін 8 млн тоннаға азайтуға, қосымша 20 млрд кВтс жасыл энергия өндіруге және 3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, - делінген Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсында.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша инвестициялық жобалар туралы баяндады. Төрт жыл ішінде Қазақстанда 20 көпсалалы аурухана мен 2 ғылыми-инновациялық көпсалалы клиника салу жоспарланған.
Үкімет басшысы жаңартылатын энергетика және денсаулық сақтау саласында жоспарланған жобаларды уақытылы және сапалы іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық