Қазақстанда 100-ге жуық үйді су басты
Қазақстанда су тасқыны басталғалы бері 100-ге жуық үй мен саяжайды еріген қар суы басып қалды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
— Су тасқыны кезеңі басталғалы 85 тұрғын үй мен 15 саяжайды, алты елді мекендегі екі әлеуметтік нысанды еріген су басып қалды. Бұл ретте Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су бұрылды. Алдын ала 196 адам эвакуацияланды, оның ішінде соңғы 24 сағатта 74 адам, оның 139-ы уақытша эвакуациялау пункттеріне, 57-сі туыстарына орналастырылды, - деді құтқарушылар.
Ағымдағы тәулікте бес тұрғын үйді және 15 саяжайды су басу тіркелді, республикалық және бір облыстық маңызы бар жолдардың үш учаскесінде су тасқыны болды. БҚО Шалғын ауылында комиссиялық тексеру барысында төрт тұрғын үйді су басып, 15 бас уақ малдың өлгені қосымша анықталды. Сондай-ақ, Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы Мырза стансасындағы бір тұрғын үйді еріген қар суы басқан. Жеті адам эвакуацияланды, оның бесеуі бала.
«Су басқан 42 тұрғын үй мен 15 саяжай, екі әлеуметтік нысан бақылауда, 22 жол учаскесінде қауіп бар, оның ішінде төртеуі республикалық, екеуі облыстық маңызы бар жолдар, 16-сы жергілікті, оның ішінде 14 жол учаскесінде су тасқыны бар» деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Өңірлерде су тасқыны салдарынан болған төтенше жағдайлардың қаупін азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар министрлігінің күшімен 2 270,4 мың м3 еріген суды сору, инертті материалдармен 21 891 қап төсеу, 250 м2 аумақта мұзды кесу жұмыстары жүргізілді. Жұмысқа Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және жергілікті атқарушы органдардың 1067 адамы жұмылдырылды.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, алдағы күндері Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Нұр-Сұлтан аумақтарында қар түріндегі аздаған жауын-шашын күтіледі , ауа температурасы күндіз +50-ден + 200С-қа дейін, түнде -30-дан +90С-қа дейін. Ғарыштық мониторинг мәліметтері бойынша қар жамылған аумақ 40%-дан аз, қардың басым бөлігі орталық және солтүстікте байқалады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық